Қаң 22, 2020 19:12 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ кез келген жолдан Иранға соққы бергісі келеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы өткен 40 жылдағы АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтарына тоқталып, АҚШ-тың кез келген жол арқылы Иранға соққы бергісі келетінін қуаттады.

IRNA News агенттігінің мәліметінше, Әли Лариджани сәрсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы жан-жақты механизмдерді пайдалануына тоқталып: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы қазіргі деңгейге жетпеген",- деді. Лариджани АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандығы тек экономикалық салада ғана емес екенін қуаттап: "Америкалықтар Иран дамуының алдын алу үшін кез келген құрал мен жолды және қастықты пайдаланғанымен соңында сәтсіздікке ұшырайды",- деді. Лариджани сондай-ақ АҚШ-тың  Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің  қолбасшысы Ғасем Солейманиге қарсы қылмысына тоқталып: "Басқа елдің қонағы болған сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетімен АҚШ   державалық беделінен айрылды",- деді.

 

 

Тегтер