Хазірет Фатиманы (с.) аза тұту рәсімінің бірінші түні жетекшінің қатысуымен өтті
(last modified Mon, 27 Jan 2020 13:12:14 GMT )
Қаң 27, 2020 19:12 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатиманы (с.) аза тұту рәсімінің бірінші түні жетекшінің қатысуымен өтті

Хазірет Фатиманы (с.) аза тұту рәсімінің бірінші түні имам Хомейни атындағы хосейниеде Ислам революциясының жетекшісі, халықтың әртүрлі топтарының мыңдаған өкілі мен жауапты тұлғалардың бір тобының қатысуымен өтті.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Казем Седдиқи осы рәсімде сөйлеген сөзінде Аһл-е бейтті, соның ішінде хазірет Фатиманы (с.) тануды осы ұлылардың жолын ұстану үшін қажетті шарт деп атап: "Бұл ұлы банудың ең ізгі қасиеті– толық құлшылық және велаяттың құқығын жан-тәнімен қорғау. Шәһид Солеймани сияқты осы нұрлы мектептің тәрбиеленушілері зор сеніммен құлшылық етіп, қасық қаны қалғанша исламдық басқаруға қызмет етуде",-деді.

Седдиқи сардар Солейманидің шәһид болуының маңызды әсерлеріне, соның ішінде ислам мен революцияның мерейін артыруы мен оянудың жаңа толқынын тудыруына тоқталып: "Шәһид Солеймани сияқты сирек кездесетін үлгілер діни басқарудың берекесі арқасында дамып, жарқырай түсті. Сол себепті үстемшілдер діни принциптер мен діни басқаруға  ашулы",-деді.

Бұл рәсімде, сондай-ақ, Аһл-е Бейттің мадақшылары хазірет Фатиманың басынан өткен қиындықтарды баяндады.     

 

Тегтер