Хазірет Фатиманың (ғ.с.) есімдері мен сипаттары
Беғсаттың бесінші жылы (б.ғ.с. 615) джамади әс-сани айының 20-шы жұлдызында Алланың елшісі Мұхаммад (с.ғ.с.) мен оның жұбайы Хадиджаның Мекке қаласындағы үйі Алланың сүйікті баланың дүниеге келу нұрымен нұрланды.
Алла Тағала бұл екі тұлғаға Пайғамбардың (с.ғ.с.) пәк ұрпағын дүниеге әкелген қызды нәсіп етті. Ол «Кәусар» сүресінің тамаша үлгісі болған қыз. Алла оған бүкіл адамзатқа үлгі болу үшін ерекше есімдер берді. Фатима (ғ.с.) – Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы, Алланың пенделерінің пендесі. Бірақ оның қадір-қасиеті мен ұлылығы сонша, оның ұлылығын түсіне алатындар аз. Имам Садықтың (ғ.с.) сөзінде: «Расында, халық оны түсініп, тани алмағандықтан Фатима Фатима деп аталды», – деген.
Сондықтан бағдарламаның басында тіліміздің хазірет Фатиманы (ғ.с.) сипаттауға қауқарсыз екенін және келтіріп отырғанымыздың барлығы Алланың және Исламның ардақты пайғамбарының (с.ғ.с.) және пәк имамдардың (ғ.с.) аузынан шыққан аяттар мен рауаяттар екенін мойындаймыз. Фатиманың (ғ.с.) дәрежесі соншалық, Алла Тағала мұны Пайғамбарға (с.ғ.с.) ең көркем суретте айтты: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын. (Мұхаммад с.ғ.с.) Шын мәнінде саған Кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады». Иә! Алла Тағала соңғы пайғамбарға Алланың мейірімі мен рақымының бұлағы және бұл бұлақтан жүрегі бар, ғашықтар ғана сусындай алатын Кәусарды сый етті.
Жаратылыс сәбетінің гүлі хазірет Фатиманың (ғ.с.) дүниеге келуі баршаңызға және пәктік әулетінің ғашықтары үшін мүбәрәк болсын!
«Аты» белгіні білдіреді, ал атау – ерекшелік пен тану белгісінің бір түрі. «Сипаттар» - бұл адамдар әйгілі және әдетте олардың есімдері мен лақап аттарымен көрінетін ерекшеліктер. Ертеде, кейде адамның құрметіне байланысты оған көптеген лақап аттар қолданатын. Есім қою – илаһи дәстүр. Алла әкемізді «Адам», анамызды «Хауа» деп атаған. Құдайдың көптеген әулиелерін атау тәсілі де олардың халқына бірдей тараған, бірақ Құран бойынша Алла Тағала Иса сияқты кейбір әулиелеріне есімдер қойған: «Сол уақытта періштелер: «Әй Мәриям! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса Мәриям ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді». («Әл-Имран», 45-ші аят). Бұл оларға құрмет көрсетумен қатар, олардың болмысын, ұлылығын, артықшылығы мен ерекшеліктерін білдіреді. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) да есімдері мен атақтары бар, олардың кейбірін Алла Тағала белгілеген, ал кейбірін Алланың таңдаулылары таңдаған. Рауаяттарда Алла Тағаланың алдында оның тоғыз есімі бар екені айтылған: Фатима, Сыддиқа, Мүбәракә, Тахира, Зәкия, Разия, Марзия, Мохадесе және Заһра.
«Фатима» «Фатм» түбірінен шығып, бөліну дегенді білдіреді. Алла елшісінің сүйікті қызы дүниеге келгенде Алла Тағала періштеге Пайғамбарға Фатима есімін айтуды бұйырды, сондықтан Пайғамбар сәбидің есімін Фатима деп қойды. Фатиманың Фатима деп аталды, өйткені Алла Тағала оның жамандықтан аулақ болуын қалаған.
«Заһра» – хазірет Фатиманың (ғ.с.) танымал аттарының бірі. «Заһра», яғни жарқыраған, нұрланған. Алла Елшісінің айтуынша, Заһраның (ғ.с.) жаратылуы Хазіреттің ұлылығының нұрынан. Тәңірлік білім қазынасында жасырылған нұр. Имам Хасан Аскариден (ғ.с.): «Неліктен Фатима (ғ.с.) Заһра деп аталды?» деп сұрағанда, имам: «Өйткені күннің басында оның жүзі мүміндердің әмірі (ғ.с.) үшін шығыстан шыққан күндей, күн ортасында жарқыраған айдай жарқырайды, күн батқанда жарық жұлдыздай жарқырайды»,- деп жауап берді.
«Сыддиқа» өте адал дегенді білдіреді және хазірет Заһраның шыншылдығы тек сөзімен ғана шектеліп қалмай, ісінде де шыншылдық танытып, шындықты айтып, соған амал еткен, ақиқаттан түк те ауытқымаған. Фатимаға Алла Тағаланың Сыддиқа лақап ат қоюы Алланың пайғамбарының қызының қателіксіздігіне куәлік етеді, өйткені турашыл болу, мінез-құлық, сөз, ахлақ және сенімде тура жолдан адаспау – тек пәк тұлғаның сипаты. Алла Тағала «Мәида» сүресінің 75-аятында хазірет Исаны былай таныстырды: «Мәриям ұлы Мәсих; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл...» және басқа жағынан ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.): «Фатима – дүниенің басынан аяғына дейін әйелдердің ең жақсысы», – деп айтатын. Құран Кәрім Мәриямның (ғ.с.) қатесіздігі мен пәктігіне, ұлы тақуа, Мәриямнан әлдеқайда жақсырақ әрі хазірет Фатиманың (ғ.с.) қателіксіздігі жоғарырақ екенін куәлік етеді.
«Мохадесе» деп періштелер онымене сөйлейтін адамға айтылады. Құранда періштелердің пайғамбар еместермен сөйлесуі туралы көп рет айтылған. Хазірет Мәриям Исаға (ғ.с.) жүкті болған кезде, оны мен Алланың періштесі арасында «Мәриям» сүресінің 18-21 аяттарында айтылған әңгіме болды. «(Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын” деді. (Рух): “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді. Мәриям: Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді. (Жебірейіл): “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді” деді».
Хадистерде хазірет Фатима бұл есіммен көп айтылады. Имам Садықтың (ғ.с.) айтуынша, Алланың пайғамбары қайтыс болғаннан кейін хазірет Фатима 75 күн өмір сүрген және Пайғамбардан айырылғанына қатты қайғырғандықтан, Жәбірейіл оған келіп, жұбататын. Әкесі мен оның мәртебесі және Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейінгі ұрпақтары қандай болатынын хабардар ететін. Бұл хабарды Әли (ғ.с.) жазатын, бұл Фатиманың Мұсхафы.
Хазірет Фатиманың Алла тағала оны білетін басқа есімдерінің арасында «Разия» және «Марзия» бар. Разия разы дегенді білдіреді, ал Марзия ұнаған және риза болған адамды білдіреді. Алла Тағала бұл есімдердің сырын бізге «Бәйәне» сүресінің соңғы аяттарында ашады: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы». Содан кейін ол олардың сыйлығын бірнеше қысқа сөйлеммен айтады: «Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін». Фатима (ғ.с.) «Разия» және «Марзия» дәрежесіне жеткен ең жақсы жаратылыстардың бірі. Бұл нығметтердің барлығы «Раббыдан қорықудан» туындайды. Дәл осы қорқыныш үреймен бірге кез келген мойынсұнушылық пен тақуалық пен ізгі істерге ұмтылуға жігерлендіреді. Кейбір тәпсіршілер бұл аятты «Фатыр» сүресінің «Алладан тек ғалымдар ғана қорқады» 28-аятымен бңрге қарастырып, бұл қорқыныш Алланы танудың нәтижесі деген қорытындыға келген. Хазірет Фатима (ғ.с.) барлық білімнің шыңында. Осы сипаттамалармен, Алла Елшісінің: «Уа, Фатима, Алла Тағала сенің ашуынмен ашуланып, сенің ризалығыңа риза болды» деген сөзін жақсырақ түсіну болар. Құран бойынша, сөздері Алланың сөзі және ол ешқашан өзімшілдіктен сөйлемейтін, оның барлық қимылдары, сөйлеген сөздері, үнсіздігі, тіпті оның бейкүнә махаббаты мен ашуы да Алланың разылығы мен ашуының көрінісі болып табылатын Пайғамбар (с.ғ.с.) хазірет Фатима (ғ.с.) туралы былай деді: «Фатима менің бір бөлігім. Кім оны разы қылса, мені де риза етеді, ал кім оны ашуландырса, мені ашуландырады». Адам құмарлық пен нәпсіден ада болмаса, оның разылығы мен ашуы дұрыс пен бұрыстың өлшемі болмайтынын ұмытпайық. Бірақ кемел адам нәпсінің зиянынан сақтанса, кез келген разылық пен ашу жақсы мен жаманды айыратын өлшем болады.
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!