Хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімінің екінші кеші жетекшінің қатысуымен өтті
Хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімінің екінші кеші имам Хомейни атындағы хосейниеде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи, халықтың әртүрлі топтарының мыңдаған өкілі мен жауапты тұлғалардың бір тобының қатысуымен өтті.
Бұл рәсімде сөз сөйлеген Насер Рафиғи Алла мен илаһи құндылықтар үшін ашулануды қасиетті ашу деп атап: «Исламның ұлық пайғамбары тарихы шындықты теріске шығару, дінге бедғат әкелу, қасиетті құндылықтарға тіл тигізу, жемқорлық пен жұмысшыларға қиянат жасау сынды мәселелерге үнсіз қалуға болмайтынын көрсетеді. Хазірет Фатима (ғ.с.) велаяттың құқығын теріске шығару мен ұмыттыру әрекеттеріне үнсіз қалмады.
Сәрсенбі, 29 қаңтар, хиджри қамаридің 1441 жылының джамади ас-сани айының 3 жұлдызы Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы, имам Әлидің (ғ.с.) өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні.