Рухани: АҚШ-тың қысымдарына қарамастан Иран мен Ресей қарым-қатынасы артып келеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i45281-Рухани_АҚШ_тың_қысымдарына_қарамастан_Иран_мен_Ресей_қарым_қатынасы_артып_келеді
ИИР Президенті Теһран-Мәскеу қарым-қатынасы дамып келе жатқанын айтып, Иран мен Ресейдің АҚШ-тың қысымдарына қарамастан қарым-қатынасын одан сайын кеңейтуді қалайтынын қуаттады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаң 28, 2020 18:38 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың қысымдарына қарамастан Иран мен Ресей қарым-қатынасы артып келеді

ИИР Президенті Теһран-Мәскеу қарым-қатынасы дамып келе жатқанын айтып, Иран мен Ресейдің АҚШ-тың қысымдарына қарамастан қарым-қатынасын одан сайын кеңейтуді қалайтынын қуаттады.


Хасан Рухани дүйсенбі күні Думаның Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде Иранның аймақ тұрақтылығын қалайтынын қуаттап: «Иран, Ресей және Қытай үшжақты қарым-қатынасы мен Оман теңізінде бірлескен әскери жаттығу өткізуі үш елдің қарым-қатынасын жақындатқысы келетінін білдіреді»,- деді.

Ресей Думасының Төрағасы да бұл кездесуде Иран мен Ресейдің жақсы қарым-қатынасын екі ел басшыларының шешімдерінің нәтижесі деп атап: «Ресей Думасы екі ел үкіметтерінің шешімдері іске асырылып, әртүрлі салалардағы Иран-Ресей қарым-қатынасының кеңейетініне сенімді»,- деді.