Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 07 Feb 2020 11:18:03 GMT )
Ақп 07, 2020 17:18 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: «Ислам революциясы болмағанда АҚШ пен сионистік режим ИИР мен ислам әлеміне үстемдік жүргізетін еді», деді.

Аятолла Мұхаммадәли Кашани 1979 жылдың 11 ақпанында жеңіске жеткен  Иран Ислам революциясының үстемшілдердің сұрқия мақсаттарының орындалуына кедергі болғанын айтып: «Иранда Ислам революциясы жеңіске жетуімен бір мезгілде аймақ халықтары мен ислам елдері де сионистер мен америкалықтардың аймақтағы қастандықтарына қарсы тұрды»,‑деді.

Теһран жұма намазының құтпагері, сондай‑ақ, «Ғасыр мәмілесі» жобасының АҚШ пен сионистік режим үшін шын мәнінде «Ғасыр қорлығы» екенін айтып: «Аймақ пен Палестина халқы бұл америкалық‑сионистік жобамен күресетін болады»,‑деді.