Иранның Батыс Әзірбайжан облысында 5,7 баллдық жер сілкінісі болды
Ақп 23, 2020 14:48 Asia/Almaty
Бүгін, жексенбі сағат 09:22-де Иранның Батыс Әзірбайжан облысындағы Қатур ауданында 5,7 баллдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісі 6 мың км тереңдікте орын алды.
Мәліметтер бойынша, жер сілкінісі Тебриз, Аску, Саханд, Урумие және көршілес облыстар мен бірнеше қалада сезілген.
Бүгін таңертең болған жер сілкінісінің шығындары жайлы ақпарат әлі жоқ.
Қату – Батыс Әзірбайжан облысындағы шекаралық қалалардың бірі. Иранның Хой қаласына жақын Қатур Түркияның Ван облысымен шекаралас.