Иран Президенті аймақ елдері басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады
ИИР Президенті жеке түрде Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Ирак және Өзбекстан елдері басшыларын Наурыз мейрамы және хиджри-шамси күнтізбесінің 1399 жылының басталуымен құттықтады.
Хасан Рухани хиджри-шамси күнтізбесінің 1399 жылының басталуы және Наурыз мейрамымен құттықтап: «Наурыз ежелден келе жатқан мейрам, мейірім мен махаббат әкелуші. Көктем табиғатқа жаңа дем беруші, илаһи құдыреттің көрінісі, барлық нәрсе жаңаратын және адамнан үмітсіздікті алыстатын кезең. Өкінішке орай биылғы Наурыз коронавирустың Иран мен басқа елдерге таралуымен тұспа-тұс келді. Бұл қатерлі вирустың салдарынан туындаған дағдарыстан өту үшін бүкіл елдердің бұрынғыдан көберік ынтымақтастық ету қажеттілігі белгілі болды. Наурыз мәдениеті таралған елдер мүмкіндіктерін пайдаланып, бірігіп, бір-біріне дәрі-дәрмек мен дәрігерлік көмек көрсетіп, бұл вирусты жеңіп, Наурыз мейрамын өз халқының денсаулығын қамту рәсімге айналдыруын тілеймін»,- деді.