Maм 31, 2020 14:46 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің жылдығына орай Ислам революциясының жетекшісі сөз сөйлейді

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні, 3 маусымда ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің қайтыс болғанына 31 жыл толуына орай ақпарат құралдарында тікелей эфирде сөз сөйлейді.

Хазірет имам Хомейниді ұлықтау орталығының хатшысы Мұхаммедәли Ансари сенбі күні биыл коронавирустың таралуына байланысты имам Хомейнидің қайтыс болғанына 31 жыл толуын атап өту рәсімдерінің өткізілмейтінін айтып: «Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бұл күні телерадио арналары арқылы тікелей эфирде сөз сөйлейді»,-деді.

 

Тегтер