Иранда өткен тәулікте COVID-19-дан 197 адам көз жұмды
Шіл 31, 2020 17:45 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы жұма күні елдегі коронавирусқа шалдыққандар туралы соңғы статистиканы жариялап: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағат ішінде тағы 2674 адамда COVID-19 анықталды. Олардың 1523-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деп хабарлады.
Сима Садат Лари: «Өткен тәулікте елде 197 адам көз жұмып, жалпы қаза тапқандар саны 16766 адамға жетті. Осы күнге дейін 263519 адам сауығып, ауруханалардан шықты»,-деді.
Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 17 499 000 адамнан асты. Олардың кемінде 677 мыңы көз жұмды.
Тегтер