Араста Еуразия одағына мүше елдер елшілерінің отырысы өтеді
Иранның солтүстік-батысындағы Арас еркін аймағы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы осы аймақта Еуразия экономикалық одағына мүше елдер елшілерінің отырысы өтетінін хабарлады.
Мохсен Нариман дүйсенбі күні Араста Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Ғоламреза Ансаримен кездесуінде: «Еуразия одағына мүше елдер елшілерінің отырысы Иранның Еуразия мен Кавказ аймағының елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту мақсатында өтеді»,-деді.
Ғоламреза Ансари де Арас еркін аймағы ұйымының Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен әріптестігін дамыту қажеттігін қуаттап: «Еуразия аймағы мен ТМД елдеріне апарар жалғыз қақпа ретіндегі осы аймақтың әлеуетін пайдаланып, мұнайдан тыс экспорттық тауарлар негізінде аталмыш елдермен сауда айналымын арттыру керек»,-деді.