Иранда коронавирусқа шалдыққандардың соңғы статистикасы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i47829-Иранда_коронавирусқа_шалдыққандардың_соңғы_статистикасы
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы тағы 2450 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 07, 2020 15:38 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққандардың соңғы статистикасы

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы тағы 2450 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Сима Садат Лари жұма күні елде коронавирусқа шалдыққандардың соңғы статистикасын жариялап: «Нақты диагностикалық көрсеткіштер бойынша,  өткен 24 сағатта елде коронавирус жұқтырған тағы 2450 адам анықталды. 1145 адам ауруханаларға жатқызылып, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.

Лари Иранда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322567 адамға жеткенін айтып: «Өткен 24 сағатта вирустан 156 адам қаза тапты. Елде коронавирустан қаза тапқандардың жалпы саны 18132  адамға жетті»,-деді.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19 282 000 адамнан асты. Олардың 718 мыңнан астамы қаза тауып, 12 млн 377 мыңы сауығып, ауруханалардан шығарылды.