Амир Хатами: Иранның қанатты зымырандары сынақтан өткізіліп жатыр
Там 21, 2020 15:23 Asia/Almaty
Иран Қорғаныс министрі: «Иранда жасалған қанатты зымырандар сынақтан өткізіліп жатыр»,-деді.
Генерал-майор Амир Хатами: «Иран Қорғаныс министрлігінде ұзақ қашықтыққа арналған қанатты зымырандардың бұл түрін жасау мақсатты түрде колға алынған. Зерттеулер негізінде атқарылатын іс болғандықтан, егер техникалық кедегілерге ұшырамаса, белгіленген уақытта нәтижеге жетеді»,-деді.
Амир Хатами Иранның қорғаныс қуаты тұрғысынан 23-ші орыннан 14-ші орынға көтерілгеніне тоқталып: «Бұл рейтингті халықаралық институттар белгілі бір көрсеткіштер негізінде түрлі елдердің әскери қуатын салыстыру арқылы жариялайды»,-деді.
Тегтер