Қыр 13, 2020 20:05 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның 40 университеті әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарында

ИИР Президенті АҚШ-тың Иран экономикасына қарсы шараларына тоқталып: «Дұшпан өзінің стратегиялық мақсаттарына жетуде сәтсіздікке ұшырағаны былай тұрсын, бұрын соңды болмаған жеңіліспен бетпе-бет келді»,-деді.

Рухани жексенбі күні университеттерде жаңа оқу жылының басталу рәсімінде: «Өздерінің мақсаттарына жету үшін БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесін пайдалануды әдетке айналдырған дұшпандар соңғы айларда тарихи жеңіліске ұшырады»,-деді.

Рухани Иран университеттерінің әлемдік деңгейдегі ғылыми жетістіктеріне тоқталып, оларды өте құнды деп бағалап: «Бүгінде Иранның 40 университеті әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарында. Соңғы бірнеше жылда Иран ғылыми инновация саласында 120-шы орыннан 65-ші орынға көтерілді»,-деді.

Тегтер