Ислам революциясының жетекшісі: Сәтті қорғаныс – Иранның ұлттық болмысының бір бөлігі
Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының Қасиетті қорғаныс жылдарындағы жарқын жеңісіне тоқталып: «Сәтті қорғаныс – Иранның ұлттық болмысының бір бөлігі»,-деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні бейнеконференция арқылы Қасиетті қорғаныс пен қарсыласу қозғалысының ардагерлерін марапаттау рәсімінде: «Иран халқы Қасиетті қорғаныста Шығыс пен Батыс алпауыттары және оларға бағынышты елдерге қарсы тұрып, абыроймен жеңіп шықты»,-деді.
Аятолла Хаменеи мансапқор Саддамды АҚШ сияқты алпауыт елдердің қолындағы құрал деп атап: «Иран халқына қарсы күрескен басты тараптар, яғни Ислам революциясынан соққы жеген АҚШ, аймақта жаңа исламдық-ирандық болмыстың туындауынан алаңдаған алпауыттар, НАТО, Батыс және Шығыс Еуропа елдері Саддамды Иранға шабуыл жасап, Ислам революциясы мен жүйесін құлатуға арандатты»,-деді.
Аятолла Хаменеи: «Дұшпанның соғыс бастағандағы мақсаты исламдық жүйені құлату, Иранға қайта үстемдік ету және елді бөлшектеу болды, бірақ Иранның бір қарыс жерін де басып ала алмады, Иран халқы мен исламдық республиканы бір қадам да кері шегіндіре алмады»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның Қасиетті қорғаныс оқиғаларын бұрмалау үшін жасап жатқан талпыныстарына абай болу қажеттігін айтып, осы құбылыстың таңғажайып көлеміне қатысты жайттарды баяндап: «Қасиетті қорғаныс жылдарындағы адами капиталдың бір үлгісі шәһид Солеймани болды. Ол аймақтық дипломатия саласында таңқаларлық шаралар атқарды. Иран халқының әлі күнге дейін осы қадірменді шәһидтің атқарған істерінен жөнді хабары жоқ»,-деді.