Ирандағы халықаралық су ресустары тақырыбына арналған отырысқа 16 ел қатысады
Қыр 23, 2020 15:25 Asia/Almaty
Иранның Энергетика министрі бүгін Иран ұйымдастырған «Қалалық су ресурстарын басқарудың аймақтық орталығы басқарушылар кеңесінің» 11-ші отырысына 16 елдің қатысатынын мәлімдеді.
Иранның Энергетика министрі Ардканиян бұл отырысқа тиесілі 9 халықаралық ұйымның қатысуына тоқталып, бұл басқосудың видео форматта өтетінін хабарлады. Иран ұйымдастырған бұл басқосуға Әзірбайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Тәжікстан, Ирак, Сирия, Катар, Германия, Армения, Өзбекстан, Түркия, Швейцария, Оман, Египет және Үндістан өкілдері қатысады.
Тегтер