АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне қарамастан Иранда даму индексі өсті
Қаз 13, 2020 11:19 Asia/Almaty
Иран өкілі БҰҰ Бас ассамблеясының екінші комитетінде АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне және коронавирус пандемиясына қарамастан Иранда даму индексінің өсуін мәлімдеді.
Әли Хаджилари тұрақты даму тақырыбымен өткен бұл отырыста Иранның екі майданда, атап айтқанда коронавирус және экономикалық лаңкестікпен күресу саласында АҚШ-пен соғысып отырғанына тоқталып: «Иран әділсіз және заңсыз санкциялар мен қысымдарға қарамастан өз талпынысын жалғастыруда. Бұл талпыныстардың нәтижесінде 2020 жылғы тұрақт даму мәлімдемесі бойынша 166 елдің ішінде даму индексі тұрғысынан 56 орынға иеленді»,- деді.
Тегтер