Қалибаф: Қару-жарақ санкциясының аяқталуы – Иран халқы үшін үлкен жетістік
Қаз 18, 2020 18:07 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы қару-жарақ санкциясы мерзімінің аяқталуын Иран халқы үшін үлкен жетістік деп атады.
Қалибаф Мәжілістің жексенбі күнгі ашық жиналысында Иранға қару-жарақ сатып алуға шектеу қою мерзімінің аяқталуын АҚШ-тың ақылсыз үкіметі үшін тағы бір жеңіліс екенін айтып: «АҚШ-тың осы санкцияны ұзартуға бағытталған заңсыз шарасы сәтсіздікке ұшырады»,-деді.
Қалибаф: «АҚШ-тың қысымдарына реакция ретінде қару-жарақ саудасы саласында маңызды қадамдар жасалуы тиіс»,-деді.
Бүгін, жексенбі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына 5 жыл толғанда Иранға қарсы салынған қару-жарақ санкциясы автоматты түрде өз күшін жойды.