Иран радар жүйесінде тағы бір жетістікке жетті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i48705-Иран_радар_жүйесінде_тағы_бір_жетістікке_жетті
Иран алыс қашықтыққа арналған радар жүйелерін қолдана бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 22, 2020 14:15 Asia/Almaty
  • Иран радар жүйесінде тағы бір жетістікке жетті

Иран алыс қашықтыққа арналған радар жүйелерін қолдана бастады.

«Велаят аспанын қорғаушылар-99» атты әуе-қорғаныс жаттығуында «Қадір», «Морағеб» пен «Башир» радарлары жаттығу аумағы көгіндегі түрлі нысаналарды сәтті анықтады. Сөйтіп, Иран алыс қашықтыққа арналған радарлары бар елдер тобына қосылды.

«Қадір» радары Сақшылар корпусындағы жергілікті мамандандардың қолымен жасалды. Онда өте күрделі технология қолданылған. Мұндай технология санаулы елдерде ғана бар.

Алыс қашықтыққа арналған  радар төмен және биік орналасқан нысаналар мен баллистикалық зымырандарды  анықтай алады.

Иран армиясының мамандандары тарапынан жасалған «Морағеб» радары 400 км қашықтықтағы 300 объектіні бір мезгілде үш өлшемді қалыпта анықтай алады.

Иранның Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштері дайындаған «Башир» үш өлшемді радар жүйесі 300 км қашықтықта және 30 км биіктікте ұшып бара жатқан шабуылдаушы және жасырын әрекет етуші нысаналарды анықтай алады. Бұл радар қанатты зымыранды анықтап, ізіне түсіп, бөліп ала алады.