Иранда коронавирустың белгілерін жоятын 4 шөп дәрі өндірілді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i48896-Иранда_коронавирустың_белгілерін_жоятын_4_шөп_дәрі_өндірілді
Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының ақпарат өкілі елде коронавирустың белгілерін жоятын 4 шөп дәрі өндірілгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 09, 2020 13:46 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустың белгілерін жоятын 4 шөп дәрі өндірілді

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының ақпарат өкілі елде коронавирустың белгілерін жоятын 4 шөп дәрі өндірілгенін хабарлады.

Жаһанпур: «Бірінші шөп дәрі – «PHR160» деп аталатын ауызға себетін спрей. Онда 6 шөптің эссенциясы бар. Ол COVID-19-дан туындайтын белгілер, соның ішінде тыныстың тарылуын тоқтатуға, жөтелді басуға және қан тамырлары арқылы оттегі жеткізілуіне көмектеседі»,-деді.

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының ақпарат өкілі: «Екінші дәрі – «Мокозифт» деп аталатын шәрбат. Екі өсімдік жемісінің шырыны мен сығындысынан тұратын бұл шәрбат COVID-19-ға шалдыққандардың шаршау және тәбеттің болмауы белгілерін жоюға көмектеседі»,-деді.

Жаһанпур: «Келесі табиғи дәрі – 7 шөптен тұратын шәрбат. Оның аты әлі белгіленген жоқ. Ол гипоксия (денеге оттегі жеткізудің азаюы) ауруын емдеуге әсер етеді»,-деді.

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының ақпарат өкілі төртінші шөп дәрі туралы: «Ол бір ғана дәрілік шөптен тұрады. «Анвал С» деп аталады. COVID-19-дың кейбір белгілерін жоюға әсер етеді»,-деді.