Иранның коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасы зерттеу барысында ақлақтық рұқсат алды
(last modified Thu, 03 Dec 2020 10:23:32 GMT )
Жел 03, 2020 16:23 Asia/Almaty
  • Иранның коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасы зерттеу барысында ақлақтық рұқсат алды

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз және қоғамдық қатынас орталығының басшысы елде коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның зерттеу барысында ақлақтық рұқсат алғанын хабарлады.

Киануш Жаһанпур Твиттердегі жеке парақшасында: «Шафа Фармад» компаниясының пассивті вакцинасы Иранның COVID-19-ке қарсы алғашқы вакцинасы ретінде ақлақтық рұқсат алу арқылы іс жүзінде клиникалық зерттеулер фазасына аяқ басты»,-деп жазды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ирандағы өкілі Кристоф Хамельман 16 қарашада Ирандағы коронавирус вакцинасын жасау үдерісін талқылауға арналған отырыста елдегі ғылыми және фармацевтикалық жетістіктерге ризалық білдіріп: «Ирандық зерттеушілердің коронавирус вакцинасын жасауда барлық тәсілдер мен платформаларды қолдануы санкциялардың елдің ғылыми даму жолына әсер ете алмағанын көрсетеді»,-деді.

Тегтер