Иранның Денсаулық сақтау министрі: Санкциялар дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды нысанаға алды
Жел 04, 2020 16:28 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрі санкциялардың Иран халқына қажет дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды нысанаға алғанын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Саид Намаки бейсенбі күні кешке видео форматта өткен БҰҰ Бас ассамблеясының COVID-19 пандемиясы жөніндегі отырысында АҚШ-тың Иранға халқына қарсы экономикалық лаңкестігіне тоқталып: «АҚШ үкіметінің біржақты әрекеттері Ирандағы коронавируске қарсы күреске теріс әсерін тигізді. Біржақты заңсыз әрекеттер Иранның медициналық қажеттліктерді оңай қолдануға қиындық тудырып, ирандық ааматтардың денсаулығын қатерге тіреді»,- деді.