Ирандық вакцина британдық коронавирус штаммын залалсыздандырды
(last modified Sat, 30 Jan 2021 13:47:40 GMT )
Қаң 30, 2021 19:47 Asia/Almaty
  • Ирандық вакцина  британдық коронавирус  штаммын залалсыздандырды

Имам Хомейни бұйрықтарын орындау Бас штабындағы вакцина өндірісін зерттеу тобының жетекшісі «Coviran Barakat» вакцинасын қабылдаған еріктілердің плазмасы COVID-19 вирусының мутацияланған британдық штаммын толығымен залалсыздандыра алғанын хабарлады.

 

Джалили ирандық «Coviran Barakat» вакцинасының вирустың британдық штаммына сынақтан өткізілгеніне тоқталып: «Екі дозадан «Coviran Barakat» вакцинасының екі дозасы егілген алғашқы үш адамның қан үлгілері бақылау стандарттарға сәйкес сынақтан өтіп, нәтижесі бұл адамдардың плазмаларының британдық штаммды толық залалсыздандырғаны анықталды. Британдық мутацияланған вирустың жұқтыру жылдамдығы 70 пайызға артты»,- деді.

Ирандық зерттеушілер жасаған «Coviran Barakat» вакцинасының   клиникалық зерттеулерінің бірінші кезеңі  2020 жылдың 29 желтоқсанында басталды.

 

Тегтер