Зариф Нахичевань автономиялық республикасына сапарымен аттанды
Иранның Сыртқы істер министрі Нахичевань автономиялық республикасына енді
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Нахичеваньға келіп түскен кезде: «Таулы Қарабақ соғысы аяқталғаннан кейін аймақтағы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін аймақтағы транзиттік құралдар мен ынтымақтастық шарттары туралы сұхбаттар осы сапар барысындағы кеңесулердің маңызды тақырыптарының бірі болады»,- деді. Зариф бүгін Нахичевань Жоғарғы мәжілісінің төрағасы Васиф Талибовпен кездесті. Иран Сыртқы істер министрі аймақтық сапары кезінде бес елге, атап айтқанда Әзірбайжан, Ресей, Армения, Грузия және Түркияға сапар шекті. Зариф бұл сапарлары кезінде елдердің басшылары және жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екіжақты қатынастар мен аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.