Иранның Еуразия экономикалық одағымен сауда айналымының көлемі 30 млрд долларға жуық
Иранның Сауданы дамыту ұйымының Еуропа және Америка істері жөніндегі кеңсесінің басшысы: «Иранның Еуразия экономикалық одағымен сауда айналымының көлемі шамамен 30 млрд долларды құрайды»,-деді.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының өкілі Бехруз Хосн Олфат алғашқы Еуразия көрмесін ұйымдастыруға арналған жиналыс аясында сөйлеген сөзінде: «2019 жылы Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда туралы уақытша келісім жүзеге асырылғаннан кейін Теһранның осы аймақпен сауда үдерісі оң нәтиже көрсетті»,-деді.
Бехруз Хосн Олфат: «Осы уақытқа дейін Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында 780-ге жуық тауар түрі тасымалданды. Осы одаққа мүше Арменияда Иранмен сауда қарым-қатынасын дамытуға өте қолайлы жағдай жасалған»,-деді.
Алғашқы Еуразия мамандырылған көрмесі 2021 жылы 18-22 мамырда Теһранда Иран мен Еуразия экономикалық одағының сауда әлеуеттерін таныстыру мақсатында өтеді.