Иранның Еуразия экономикалық одағымен сауда айналымының көлемі 30 млрд долларға жуық
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i50658-Иранның_Еуразия_экономикалық_одағымен_сауда_айналымының_көлемі_30_млрд_долларға_жуық
Иранның Сауданы дамыту ұйымының Еуропа және Америка істері жөніндегі кеңсесінің басшысы: «Иранның Еуразия экономикалық одағымен сауда айналымының көлемі шамамен 30 млрд долларды құрайды»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 25, 2021 10:03 Asia/Almaty
  • Иранның Еуразия экономикалық одағымен сауда айналымының көлемі 30 млрд долларға жуық

Иранның Сауданы дамыту ұйымының Еуропа және Америка істері жөніндегі кеңсесінің басшысы: «Иранның Еуразия экономикалық одағымен сауда айналымының көлемі шамамен 30 млрд долларды құрайды»,-деді.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының өкілі Бехруз Хосн Олфат алғашқы Еуразия көрмесін ұйымдастыруға арналған жиналыс аясында сөйлеген сөзінде: «2019 жылы Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда туралы уақытша келісім жүзеге асырылғаннан кейін Теһранның осы аймақпен сауда үдерісі оң нәтиже көрсетті»,-деді.

Бехруз Хосн Олфат: «Осы уақытқа дейін Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында 780-ге жуық тауар түрі тасымалданды. Осы одаққа мүше Арменияда Иранмен сауда қарым-қатынасын дамытуға өте қолайлы жағдай жасалған»,-деді.

Алғашқы Еуразия мамандырылған көрмесі 2021 жылы 18-22 мамырда  Теһранда Иран мен Еуразия экономикалық одағының сауда әлеуеттерін таныстыру мақсатында өтеді.