Генерал-майор Салами: Басидждік оймен әлемдік технологияның алғы шебінен орын аламыз
Нау 07, 2021 18:15 Asia/Almaty
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Иран басидждік ой мен жастардың талпынысының арқасында әлемдік технологияның алғы шебінен орын алады",-деді.
Генерал-майор Салами жексенбі күні Теһранда АҚШ-тың бұрынғы елшілігі ғимаратында өткен іргелі ғылымға негізделген технологиялық компаниялардың "Сорайяға дейін" атты алғашқы көрмесін тамашалау барысында сөйлеген сөзінде: "Ғылым мен технология саласында әлем елдерімен бәсекелестіктің алдыңғы шебіне шығуға бел буып отырмыз. Осы көрмеде ғылымның түрлі салаларындағы дамыған технологиялар мен қолданбалы құралдар жұрт назарына ұсынылды",-деді.