Үндістанның коронавирусқа қарсы вакцинасы Иранға келді
Иранның Кеден басқармасы басшысының техникалық істер жөніндегі орынбасары Мехрдад Джамал Арунақи бейсенбі күні: «Үндістанның коронавирусқа қарсы вакцинасының алғашқы топтамасы Теһранның Имам Хомейни (р.) атындағы әуежайына келіп жетті. Топтамада вакцинаның 150 мың дозасы бар»,-деді.
ISNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, Иран Кеден басқармасының өкілі: «Осыған дейін келген вакцина топтамалары сияқты Үндістаннан келген жүктің кедендік рәсімдеу жұмыстары ұшақтан түсіріле сала жылдам атқарылып, Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкіліне тапсырылды»,-деді.
Айта керу керек, Иранға бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 топтамасы, соның ішінде 3 топтама Ресейден, 1 топтама Қытайдан әкелінді.


