Иранның Мәжіліс төрағасы: Иран Ислам революциясы күш-қуатымен алға ілгерлейді
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран Ислам революциясының қиындықтарға қарамастан күш-қуатымен алға ілгерлейтінін қуаттап: «Кез-келген уақыттағы сәттілік сенім мен мұраттарға сүйенгеннен мүмкін болды»,- деді.
Калибаф Иранның Шығыс Әзірбайжан облысы, Табриз қаласында шейх Мұхаммад Хиабанидің шейіт болғанының 100 жылдығына арналған конференцияда шейх Мұхаммед Хиабанидің бұл жердің үлгілерінің бірі болғанын мәлімдеді. Калибаф барлық ирандықтардың Әзірбайжанды мақтан тұтатынына тоқталып: «Күрес пен қарсылық бұл жердің тарихында маңызды орын алады және бұл жер тұлғалардың күресімен байланысты. Біз революциялық наныммен елді алға жылжытуға міндеттіміз», - деді.
Шейх Мұхаммад Хиабани ішкі және шетелдік озбырлыққа қарсы жолда шәһид болған күресушілердің бірі болды.