Сардар Салами: Иран халқы экономикалық соғыста жеңіске жетті
Нау 14, 2021 13:35 Asia/Almaty
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Экономикалық соғыста дұшпан жеңіліс тауып, Иран халқының мерейі үстем болды»,-деп қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами жексенбі күні Бәсидж – ерікті күштерді тәрбиелеу орталығы ұстаздарының төртінші жиналысында: «Иран халқы айрықша сабырлық танытып, дұшпан дауысының жаңғырығына айналмады, оның шашбауын көтермеді»,-деді.
Ол бүгінде Иранда заманауи қарулардың барын айтып: «Біз де дұшпанда бар қару-жарақтармен жарақталғанбыз»,-деді.
Сардар Салами: «Дұшпан сырттай құдіретті көрінгенімен, іштей бос»,-деді.
Тегтер