Сардар Салами: Иран халқы экономикалық соғыста жеңіске жетті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i51080-Сардар_Салами_Иран_халқы_экономикалық_соғыста_жеңіске_жетті
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Экономикалық соғыста дұшпан жеңіліс тауып, Иран халқының мерейі үстем болды»,-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 14, 2021 13:35 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Экономикалық соғыста дұшпан жеңіліс тауып, Иран халқының мерейі үстем болды»,-деп қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами жексенбі күні Бәсидж – ерікті күштерді  тәрбиелеу орталығы ұстаздарының төртінші жиналысында: «Иран халқы айрықша сабырлық танытып, дұшпан дауысының жаңғырығына айналмады, оның шашбауын көтермеді»,-деді.

Ол бүгінде Иранда заманауи қарулардың барын айтып: «Біз де дұшпанда бар қару-жарақтармен жарақталғанбыз»,-деді.

Сардар Салами: «Дұшпан сырттай құдіретті көрінгенімен, іштей бос»,-деді.