Иранның сауда-саттық құны 73 миллиард доллар болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i51374-Иранның_сауда_саттық_құны_73_миллиард_доллар_болды
Иран кеденінің бас директоры: «Иранның сауда-саттық құны 73 миллиард доллар»,- деп жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 26, 2021 13:19 Asia/Almaty
  • Иранның сауда-саттық құны 73 миллиард доллар болды

Иран кеденінің бас директоры: «Иранның сауда-саттық құны 73 миллиард доллар»,- деп жариялады.

Иранның Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мехди Мирашарфи бейсенбі күні: «Өткен жылы (1399) елден жалпы құны 73 миллиард долларды құрайтын 145 миллион 700 мың тонна тауарлар экспортталды және импортталды»,- деді. Мирашрафи өткен жылы елден 112 миллион тонна тауар экспортталғанына тоқталып,  экспорттың құның  34 миллиард 256 миллион доллар болатын жариялады. Иран кеденінің бас директоры: «Елдің ең маңызды экспорттық тауарлары бензин, табиғи газ, полиэтилен, пропан және пісте және бес мемлекет: Қытай, Ирак, БАӘ, Түркия және Ауғанстан  негізгі экспорттық нарықтар болды»,- деп мәлімдеді.