Арақчи: Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөздер жүргізбейді
Сәу 03, 2021 15:02 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Иран делегациясы американдық делегациямен ешқандай деңгейде келіссөздер жүргізбейді»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Арақчи жұма күні АҚШ-тың Венада өтетін кездесуге қатысуы туралы: «Иран қатысатын Вена отырысы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралу ықтималын талқылау мақсатында өткізілетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссиясының отырысы және бұл келісімнің қазіргі мүшелері ғана қатысады. АҚШ Иран қатысатын ешбір отырысқа, олардың ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссясының отырысына қатыспайды, бұл нақты»,- деді.