Рухани: Ғылым мен технология саласында өз-өзін қамтамасыз ету мақтаныш тудырады
Сәу 08, 2021 12:53 Asia/Almaty
ИИР Президенті ғылым мен технология саласында өз-өзін қамтамасыз етудің мақтаныш тудыратынын айтты.
Хасан Рухани бейсенбі күні бейнеконференция арқылы ілгері ғылымға негізделген 5 ұлттық инновациялық жобаны ашу рәсімінде: «Ирандықтар үшін ғылым мен технология саласында біртіндеп өзін-өзі қамтамасыз ету дәрежесіне жету –мақтаныш»,-деді.
Хасан Рухани бейсенбі күні: «Елде ғылым мен технология саласында өте маңызды жобалардың ашылғанына куә болып отырмыз. Соның нәтижесінде кейбір өнімдерді импорттау қажеттігі жойылып, Иран өз-өзін тиісті тауарлармен қамтамасыз ететін болады»,-деді.
Тегтер