Иран мен Тәжікстан Қарулы күштерінің әріптестігі аймақ қауіпсіздігіне оң әсер етеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i51702-Иран_мен_Тәжікстан_Қарулы_күштерінің_әріптестігі_аймақ_қауіпсіздігіне_оң_әсер_етеді
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Иран мен Тәжікстан Қарулы күштерінің әріптестігі аймақ қауіпсіздігіне оң әсер етеді»,-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 08, 2021 13:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Тәжікстан Қарулы күштерінің әріптестігі аймақ қауіпсіздігіне оң әсер етеді

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Иран мен Тәжікстан Қарулы күштерінің әріптестігі аймақ қауіпсіздігіне оң әсер етеді»,-деп қуаттады.

Генерал-майор Бағери бейсенбі күні Тәжікстан Қорғаныс министрі Шерали Мирзомен кездесуінде: «Екі ел Қарулы күштерінің әріптестігі Тәжікстан Қарулы күштерінің дамуына және екі елдің тәжірибелерін пайдалануға оң әсер етеді»,-деді.

Генерал-майор Бағери осы кездесуден кейін: «Дос әрі көрші ел Тәжікстанның Қорғаныс министрлігін қабылдадық. Осы сапарда екі елдің әскери қарым-қатынасының даму негізі қаланды»,-деді.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Екі ел Қарулы күштері арасында бірлескен жұмыс тобы құрылып, әскери-қорғаныс саласындағы қарым-қатынастың болашағын жоспарлайтын болып келістік»,-деді.

Генерал-майор Бағери екі елдің мәдени ортақтықтарына тоқталып: «Тәжікстан – парсы тілді ел, Иранмен ортақ мәдениет, тарих пен дінге ие»,-деді.