Иран Оңтүстік Кореяның кемесін босатты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i51714-Иран_Оңтүстік_Кореяның_кемесін_босатты
Иран Сыртқы істер министрлгінің баспасөз хатшысы Оңтүстік Кореяның кемесінің босатылғанын хабарлап: «Кореялық кеменің кеме қатынасы ережелерін бұзуына қатысты тексеріс аяқталғаннан кейін және Оңтүстік Корея үкіметінің кемені босату туралы өтініші бойынша прокурор кемені босату бұйрықты шығарды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 09, 2021 11:11 Asia/Almaty
  • Иран Оңтүстік Кореяның кемесін босатты

Иран Сыртқы істер министрлгінің баспасөз хатшысы Оңтүстік Кореяның кемесінің босатылғанын хабарлап: «Кореялық кеменің кеме қатынасы ережелерін бұзуына қатысты тексеріс аяқталғаннан кейін және Оңтүстік Корея үкіметінің кемені босату туралы өтініші бойынша прокурор кемені босату бұйрықты шығарды»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Саид Хатибзаде: «Капитан мен кеменің аймақтағы заң бұзушылықтарының байқалмауы прокурордың оң шешіміне негіз болды»,- деп сөзін жалғады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы 4 қаңтарда Оңтүстік Кореяның  7200 тонна мұнай химикаттары тиелген HANKUK CHEMI кемесін экологиялық хаттамаларды бұзғаны үшін Парсы шығанағында тоқтатқан болатын. Бұл кеме бүгін, жұма күні босатылды.