Маусым 07, 2021 16:53 Asia/Almaty
  • Салиравира – ирандық зерттеушілердің коронавируспен күрес жолындағы жаңа жетістігі

Иранның іргелі ғылымға негізделген бір компаниясы мамандарының талпынысымен «Салиравира» төртмақсатты дәрісі елдің азық-түлік және дәрі дәрмек ұйымынан рұқсат алып, таныстырылды.

Мұрын мен тамаққа себетін спрейден тұратын «Салиравира» төртмақсатты дәрісі осы бөліктерде орналасқан вирустарды жоюға арналған. Ал таблеткасы вирустың жанама әсерін азайтып, қандағы вирустарды жойса, шәрбат түріндегі дәрі тыныс жолдары ауруларының жанама әсерлерін азайтуға арналған.

Дәрінің клиникалық сынағы шәһид Беһешти атаындағы медицина университеті мен имам Хомейни атындағы ауруханада өткізіліп, Иранның  азық-түлік және дәрі дәрмек ұйымының рұқсатын алды.

Толығымен өсімдік негізінде жасалған дәрінің жанама әсері жоқ.

Тегтер