Жетекшінің көзқарасы: Халықтың сайлауға қатысуының маңыздылығы
Ислам революциясының жетекшісі исламдық жүйедегі Республика құрылысының халықтың қатысуымен сақталатынын, сондықтан егер халық сайлауға аз қатысса, дұшпанның мәжбүрлеу мүмкіндігіне ие болатынын қуаттады.
Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні теледидар арқылы сөз сөйлеп, президенттік сайлаудың маңыздылығы туралы: «Жұма күнгі сайланатын президент халықтың жаппай қатысуымен сайланса, мықты және күшті президент болып, үлкен жұмыстар атақара алатын болады»,- деді.
Имам Хомейнидің ой-пікірі, Ислам революциясының армандары мен Конституциясы бойынша, сайлау Иранның халық билігі жүйесінде демократияға жеткізетін жол және Ислам Респубубликсы жүйесінің ең маңызды негізі. Ирандағы сайлау, биліктің басқа компоненттерінен гөрі, исламдық Иранның күшінің артуында және республиканың ислам жүйесінде сақталуы мен жалғасуында ерекше орын алады. Ислам республикасының тұрақты болуының құпиясы - шешуші саяси сахналарға, әсіресе президенттік сайлауға халықтың қолдауы мен барынша қатысуы. Әлемдегі кез-келген саяси жүйенің халықтың қолдауына ие болуы - озбыр күштердің қастандықтарына қарсы жеңілмейтін күш. Осы себепті Ирандағы Ислам революциясы халықтың назары мен еркімен жеңіске жеткеннен кейін, құрылған халыөтық жүйеге қарсы дұшпандық басталды. 42 жыл бойы Ислам революциясының дұшпандары халықтың әртүрлі саяси сахналарға маңызды қатысып, Ислам Республикасын қолдау көрсетуін әлсірету үшін кез келген тәсілдерді қолданды, бірақ Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, «халық әдеттегідей дұшпанның талабына керісінше әрекет етеді». Халықтың Ислам Республика жүйесін қолдауы ұлттық күш-қуатты нығайтуымен бірге, әсіресе экономикалық салада өз жұмыстарын оңайлау іске асыратын күшті үкімет құруға әкеледі. Халықтың көпшілігінің үкіметтің саясаттарын қолдауы халықтың қолдауымен жақсы жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады және елдің қиындықтарын халықпен бірге шешіп, тіпті саяси және экономикалық саладағы шетелдік қысымдарды залалсыздандыра алады. Бұл салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Иран халқы - елдің бостандығы, қауіпсіздігі, абыройы мен дамуының тиімді кепілгері, сондай-ақ халықтың өз тағдырын шешуге ақылды әрі кең қатысуы ұлттық мүдделерді жаһандық деңгейде қорғайды және халықаралық сындарлы өзара іс-қимыл үшін басты қолдау болып табылады»,- деді.
Халықтың барлық топтары мен әртүрлі саяси топтардың президенттік сайлауға қатысуы, демократияның өркендеуі және Ирандағы Ислам Республикасының жалғасуы қазіргі экономикалық жағдайға кейбір наразылықтарға қарамастан, Иранның саяси, экономикалық жағдайы мен қауіпсіздігін ілгерілету үшін халықтың сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге қатысуын жалғастыруын көрсетеді.