Раиси: Сайлауға адамдар кез-келген саяси көзқараспен келеді
Маусым 18, 2021 15:20 Asia/Almaty
Ирандағы 13-ші президенттік сайлауға үміткер барлық адамдарды кез-келген саяси көзқараспен сайлау учаскелеріне келуге шақырды.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси даус бергеннен кейін өзін барлық ирандықтардың қызметшісі санайтынын мәлімдеді. Ирандағы 13-ші президенттік сайлаудың үміткері үкіметтің міндеті халыққа қызмет ету екеніне тоқталып: «Халық жақын арада өзгерісті сезеді»,- деді.
ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани де дауыс берген соң: «Халықтың сайлауға жаппай қатысуы Иранның күш-қуаты мен қауіпсіздігінің артуына себеп болады»,- деді.