Британия елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
Маусым 19, 2021 18:10 Asia/Almaty
Теһрандағы Ұлыбританияның елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырытылып, еліндегі ирандық сайлаушылардың тап болған проблемаларына наразылық білдірді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сенбі күні ИИР-нің 13-ші сайлауын өткізу кезіндегі мәселелерден кейін Ұлыбританияның кейбір қалаларында, соның ішінде Лондон мен Бирмингемде сайлауды өткізушілер мен дауыс берушілерге тіл тигізіліп, сайлауға қатысушының бірінің революция мен демократияның қарсыластарымен ұрып-соғылуына байланысты Ұлыбритания елшісі Роб Макейердің Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, оған наразылық нота білдірілгенін хабарлады.