Қаз 04, 2021 01:16 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі Иран Қарулы күштерінің түлектерін марапаттау рәсімінде елдің солтүстік-батысындағы көршілердің мәселелеріне тоқталып: «Солтүстік-батыстағы оқиғалардың шешім жолы – бұл елдерге бөгде күштердің араласуына жол бермеу»,-деді.

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи бүгін, жексенбі күні Иран Қарулы күштерінің әскери университеттері мен имам Хұсейн (ғ.) атындағы офицерлік университеттің студенттері мен түлектерін марапаттау рәсімінде осы жауынгерлерді Иран халқы мен қадірлі Отан қауіпсіздігінің мықты қамалы деп атады.  

Ислам революциясының жетекшісі: «Бөгделердің аймақ ісіне араласуы – қайшылықтар мен шығындардың басты факторы. Барлық мәселелер мен оқиғалар бөгделердің араласуынсыз шешілуі тиіс. Аймақ елдері Иран мен оның қарулы күштерінің қисыны мен айбынынан үлгі алуы керек»,-деді.

Аятолла Хаменеи қауіпсіздікті елді дамытуға қажетті барлық белсенділіктердің негізгі тірегі деп атап, бөгделерге иек артпай елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керегін айтып: «Әрине бұл – Иран халқы үшін қарапайым мәселе. Алайда түрлі елдер, тіпті Еуропа елдері осы қиыншылықтан зардап шегіп отыр»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Еуропа мен АҚШ-тың соңғы текетіресіне тоқталып: «Кейбір еуропалықтар АҚШ-тың әрекетін арқаға салынған қанжар деп атап, Еуропа НАТО-ға, шын мәнінде АҚШ-қа сүйенбей тәуелсіз негізде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек деп санайды»,-деді.

Аятолла Хаменеи: «Еуропа елдері АҚШ-қа арқа сүйейтіндіктен, оған қарсы болмаса да, тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тапшылық сезінеді. Ал өз қарулы күштерін бақылауды АҚШ пен бөгде елдерге берген елдің жағдайы қандай болары белгілі»,-деп еске салды.

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы бөгделердің көмегімен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бос әурешілік деп атап: «Осындай қиялға шалдыққан адамдар жуырда одан соққы көреді. Өйткені бөгделердің кез келген елдің қауіпсіздігі, соғысы мен бейбітшілігіне  тікелей және жанама түрде араласуы ауыр апатқа алып келеді»,-деді.    

Тегтер