Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі: AstraZeneca вакцинасының 2 партиясы елге әкелінеді
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхиты елдері департаментінің басшысы Реза Зиаб Твиттердегі жеке парақшасында коронавирусқа қарсы вакцинаның апта сайын жүйелі түрде елге әкелініп жатқанын айтып: «Жуырда AstraZeneca вакцинасының 2 партиясы елге әкелінеді»,-деп жазды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР-ның Ресейдегі елшілігінің қадағалауымен «Спутник V» вакцинасының 400 000 дозасын құрайтын партия бүгін, бейсенбі Теһранға жеткізілді.
Иран Кеден басқармасы басшысының техникалық істер жөніндегі орынбасары Мехрдад Джамал Арунаки: «Импортталған вакцина көлемі 92,8 миллион дозаға жетті»,-деп хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, қазіргі таңда түрлі вакцинаның 92 млн 848 мыңнан аса дозадан тұратын 65 партия Қытай, Жапония, Италия, Ресей, Үндістан, Аустрия, Оңтүстік Корея және Грекиядан Иранға импортталды.