Білімге негізделген өндіріс; Отандық өндірісті жетілдіріп, жаудың жұмсақ соғысына тойтарыс беру
Ислам революциясы жетекшісі хижраның жаңа ғасырының бірінші жылында да «өндіріс» тақырыбын өзінің жыл ұранының негізгі бағыты етті.
Ислам революциясы жетекшісі соңғы жылдары өндіріс мәселесін түрлі формада ерекше атап өтті. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи осы уақытқа дейін жыл ұранында алты рет өндіріс мәселесіне тоқталды. Өткен жылдары аятолла Хаменеи өндіріске кедергі тудыратын мәселелерді шешуге және отандық өндірістегі серпіліске назар аудартты. Биылғы жылы Ислам революциясы жетекшісі білімге негізделген өндіріске баса мән беруде. Негізінде биылғы тақырып аятолла Хаменеидің халықтың отандық өнімге ризашылығын білдіріп, мұның арқасында отандық өнімді тұтынуды арттыру үшін отандық өнімнің сапасын арттыруды қалауының белгісі.
Ислам революциясы жетекшісі 1401 жылдың алғашқы күні тікелей эфирде сөйлеген сөзінде білімге негізделген экономика туралы: «Білімге негізделген экономика - барлық салалардағы өндіріске ғылыми-техникалық тұрғыдан көңіл бөлу. Нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, өнімділіктің жоғарылауы, өнім сапасының жақсаруы, өнімнің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігі артып, отандық өнімнің бағасының арзандауы болады»,- деді.
Діни жетекші қарсыласу экономикасының стратегиясына шоғырлануын жалғастыра, отандық өндіріске баса мән беруде. Шын мәнінде, Ислам революциясы жетекшісі өндірісті елдің экономикалық дамуының негізі ретінде қарастырады. «Сапалы отандық өнімге» көңіл бөлу бірөнімдік экономикасынан көшуге және ел экономикасын түрлендіруге әкелуі мүмкін. Ислам революциясы жетекшісі 1401 жылдағы Наурыз жолдауында соңғы жылдарда өндіріс мәселесіне шоғырлануының себебі туралы: «Өндіріс – экономикалық мәселелерді шешудің кілті және экономикалық қиындықтарды жеңудің басты жолы. Ұлттық өндіріс өркендеуі аясында экономикалық даму, жұмыс орындарымен қамту, инфляцияны төмендету, жан басына шаққандағы кірісті арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ өзіне деген сенімділік пен ұлттық абыройды арттыру мүмкін болды»,- деп мәлімдеді.Сонымен бірге, Ислам революциясы жетекшісінің бүгін алғаш рет емес, ұзақ жылдар бойы білім тақырыбына ерекше мән беруі ИИР-ның адами және жоғары ғылыми мүмкіндігін білдіреді. Бұл қуаттау діни жетекшінің жастарға бағытталған «Революцияның екінші қадамы» деген мәлімдемесіндегі көзқарасының жалғасы болып табылады. Жастарға арқа сүйей отырып, қайталанатын ойлаудан, адамның енжарлығынан арылтып, әртүрлі салада жаңа идеялар мен белсенді жұмыс күшін бойына сіңіре отырып, ел жастарына қарсы жаудың жұмсақ соғысын, әсіресе олардың ирандық ғалымдарды тарту әрекеттерін заласыздандырады.