Иран әлемдегі ең төменгі сыртқы қарыз бойынша жетінші орында
Халықаралық статистикаға сәйкес, Иран ішкі жалпы өнімге қатынасы бойынша сыртқы қарызы бойынша жетінші орында тұр.
Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Бруней, Лихтенштейн, Жаңа Зеландия, Түркіменстан, Каледония, Нигерия, Иран, Алжир, Гренландия (Дания) және Виргин аралдары әлем бойынша ең төмен сыртқы қарызға ие. Халықаралық ұйымдар жариялаған соңғы статистикаға сәйкес, Иранның сыртқы қарызы 7 миллиард 120 миллион долларды құрайды, бұл әрбір ирандықтың жан басына шаққанда 90 доллардан келеді. Иранның сыртқы қарызының жалпы ішкі өніміне қатынасы небәрі 2 пайызды құрайды.Бұл көрсеткіш Ресейде 32, Оңтүстік Кореяда 33, БАӘ 59, Түркияда 63, Малайзияда 68, Катарда 83, Жапонияда 96 пайызды құрайды.