Иран Украина дағдарысын шешуге дайындығын мәлімдеді
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахиан Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесіп, Иранның елдегі дағдарысты шешуге дайын екенін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан ИИР-ның соғысқа қарсы тұрудағы принципті ұстанымын қуаттап, Иран президенті мен Ресей президентінің Түрікменстандағы жуырдағы кездесуі мен Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөздерді ескере отырып, Иранның Украинадағы саяси шешімге назар аудару және соғысты болдырмау қажеттігі туралы ұстанымын еске салып, Иранның Украинадағы дағдарысты тоқтату үшін күш салуға дайын екенін баса айтты.
Дмитрий Кулеба Иранның соғысқа қарсы тұру ұстанымына алғыс айта отырып: «Украина үкіметі бұл елдегі дағдарысты тоқтату үшін кез келген саяси көмек пен қолдауды пайдалануға дайын»,- деді.