Иран Швеция сотының Хамид Нуриге қатысты үкімін қатаң айыптады
Шіл 15, 2022 10:52 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Швеция сотының Иран азаматы Хамид Нуриге қатысты үкімін қатаң айыптады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани Чафи кеше, бейсенбі Швеция сотының Хамид Нуриге тағылған айыптарға байланысты БАҚ мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Бүгін үкімді жариялау кезінде оқылған нәрсе Швецияның сот жүйесі Иран халқына сол елде лаңкестік топтың әрекет етуіне рұқсат беруіне, сондай-ақ лаңкестікпен күрес саласындағы өзінің халықаралық жауапкершілігін бұзағанына жауап берудің орнына, іс жүзінде терроризмді қолдады. Иран үшінХамид Нури ісінің ешбір нақты дәйексіз және заңды күші жоқ саяси әрекетке сылтау болғаны толық анық»,- деді.
Тегтер