Амир Абдуллахиан: Иранға қарсы қоқан-лоққы тілін қолдану нәтиже бермейді
Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі жеке парақшасында Ақ үйге: "Иранға қарсы қоқан-лоққы тілін қолдану нәтиже бермейді",-деп ескертті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Ақ үйдің өз кінәсін өзгеге жабуы аймақ пен Иран халқына қарсы жасаған көптеген лаңкестік әрекеттері мен қылмыстарына жауапкершіліктен босатпайды",-деп жазды.
Амир Абдуллахиан осыдан бұрынырақ түркиялық әріптесі Мевлют Чавушоғлымен телефон арқылы сұхбатында санкцияларды жоюға бағытталған Вена келіссөздеріне тоқталып: "Біз өз жолдауымызды еуропалықтар арқылы АҚШ-қа жеткіздік. Америкалық тарап реалистік және конструктивті қатынас көрсетіп, ИИР-ның заңды да әділ талаптарын қабылдап, келісімнің қорытынды мәтінін дайындауға қолайлы жағдай жасайды деп үміттенеміз",-деді.