Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ-тың зұлым санкцияларын жоюға бағытталған келіссөздердегі Иранның келісімгерлері – халықтан шыққан, сенімді әрі батыл адамдар. Олар дұшпанға есе жібермейді",-деді.
Аятолла сейіт Ахмад Хатами санкцияларды жою туралы келіссөздер мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру тақырыбына тоқталып: "ИИР келіссөздерге қарсы емес, бірақ АҚШ пен оның одақтастарының ИИР жүйесімен қайшылығы ядролық мәселе болмай отыр. Олар аймақтағы ең ірі ғылыми алпауыт саналатын біртұтас Иранға қарсы",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері дұшпанға мықты да табанды қарсы тұру керегін айтып: "Иран халқы шаршауды білмейді. Олар өз революциясына беріктігін сақтап келеді",-деді.