Иранның түкпір-түкпірінде Бейат рəсімі өтті
(last modified Fri, 07 Oct 2022 10:02:06 GMT )
Қаз 07, 2022 16:02 Asia/Almaty

9 рабиулаууал күні хазірет Валиасрдың имаматтығы басталуымен бір мезгілде исламдық Иранның түкпір-түкпірінде имам Заманға адалдық жариялау рəсімі өтті.

Теһранның имам Хұсейн(ғ.) алаңында түрлі əлеуметтік топ өкілдерінің қатысуымен имам Заманға адалдық жариялау рəсімі өтті.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше Теһранда өткен рəсімде имам Заманға адалдық жариялау дұғасы мен хазірет Валиасрды (ғ.) мадақтау жəне бірлікті сақтау жөнінде өлеңдер оқылды.

Осы рəсімнің жалғасында мадақтаушылар Əһл-е Бейтті еске алып, имам Хұсейн(ғ.) алаңында "Лəббайк, я,  Мəһди!" деп ұрандатты.

Тегтер