Амир Абдуллахиан: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында санкциялардың жойылуы нақты айтылмаған
(last modified Wed, 19 Oct 2022 11:29:23 GMT )
Қаз 19, 2022 17:29 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында санкциялардың жойылуы нақты айтылмаған

Иран Сыртқы істер министрі санкцияларды алып тастау келіссөздерінің соңғы жағдайын түсіндіре отырып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы проблемалардың бірі міндеттемелердің нақты анықталғаны, бірақ санкциялардың жойылуы нақты айтылмағаны»,- деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Ислам республикасының келіссөздердегі мақсатының жақсы және тұрақты келісімге қол жеткізу екенін мәлімдеп: «Иран ортақ келісімге қолында лайықты кепілдіктер болған кезде қайта оралады»,- деді. Амир Абдуллахиан американдықтардың Ираннан жасаған негізсіз өтінішіне тоқталып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында Иран АҚШ-тың Сардар Сүлейманиді өлтіруге қатысы бар 60 американдықты қара тізімнен шығару туралы өтінішіне тап болды. Бірақ бұл өтініш орынсыз болды және бұл Иран Ислам Республикасының қызыл сызығы»,- деп айтты. Амир Абдуллахиан  сондай-ақ Украинадағы соғыс мәселесіне тоқталып: «Иран атысты тоқтату және Украина мен Ресейді келіссөз үстеліне қайтару жолындағы талпыныстарын жалғастыруда, бірақ Батыс соғыс қаруын жіберуді жалғастыруда»,- деді.

Тегтер